«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы:қосымша білім беру саласыөскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынып, балаларға қосымша білім беру мектептің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ашықтық, тұтастық және икемділікке ие болып табылатын балаларға қосымша білім беру жүйесі баланың, оның отбасының, қоғамның және мемлекеттің мүддесінде «уақыт талаптарына» тез әрі дәл әрекет етуге қабілетті.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде қосымша білім беру мекемесінің рөлі ерекше. Бұл бағытта білім алушылар: шығармашылық, интеллектуалдық және жеке дамуын қамтамасыз ететін маңызды сала болып табылады. Қосымша білім беру жүйесі мектептен тыс ұйымдарда, үйірмелерде, секцияларда және шығармашылық студияларда жүзеге асырылады. Қосымша білім беру мекемесі – білім алушыларға қосымша білім мен дағдыларды меңгеруге көмектесетін негізгі мемлекеттік мекеме болып табылады. Бұл мекеме балалардың бейімділігі мен қызығушылығына сәйкес білім беруді ұйымдастырады.
Тәуелсіз елдің талантты, дарынды, шығармашылыққа жақын, балаларын оқытатын Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің» негізі 1983 жылы «Целиноградтық өнер мектебі» деген атаумен қаланған. 1992 жылы «Ақмола қаласының өнер мектебі» атауына өзгертіледі. 1998 жылдан 2008 жылдар аралығында «Өнер мектебі» атауымен балаларға қосымша білім беру мекемесі ретінде танылып, 2008 жылы 15-қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің жарлығымен «№1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны атауы беріліп, 2023 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» мемлкеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ауыстырылды. 2024 жылдың 19 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін мекеме атауы Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып өз атауын алып келеді.
Қосымша білім беру мекемесі балалардың әлеуетін ашуға, олардың өзін - өзі дамытуына және өз қабілеттерін шыңдауына жағдай жасайды. Қосымша білім беру мекемесінің негізгі міндеттері мынадай:
- Білім алушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту;
- Білім алушыларға заманауи дағдыларды үйрету;
- Интерактивті және шығармашылық әдістерді қолдану арқылы білім беру;
- Білім алушылардың мотивациясын арттыру;
- Жеке және топтық жұмыс жүргізу;
- Ата - аналармен, мектеп және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» ШЖҚ МКК-да сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Мектебімізде қазақ ұлттық аспаптар, вокал, аспаптар, театр, көркемөнер және хореография бөлімдері жұмыс жасап келеді.
«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №543 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы №56 бұйрығы, «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 1 наурыздағы №68 бұйрықтарының негізінде: оқу мерзімдері - көркемөнер бөлімінде 4 жыл, қазақ ұлттық аспаптар, вокал, аспаптар бөлімдерінде 5-7 жыл, хореография бөлімінде 5-7 жыл, театр бөлімінде - 4 жыл білім алып, және қосымша білім мекемесін аяқтағаннан кейін, мемлекеттік үлгідегі бекітілген куәлітің иегері атанады.