Меню KDT
index_mainposter.jpeg?_=1716358488

Астана қаласы әкімдігінің
"Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі" МКҚК

Мы дарим любовь и заботу своим ученикам

Мектеп туралы

Жаңалықтар

Директордың блогы

sabiev_farkhat_bigsize.png?_=1

Сәбиев Фархад Қабденұлы

Астана қаласы әкімдігінің «№1 Өнер мектебі» МКҚК директоры

Білімі: 2003 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Музыка және ән» мамандығы бойынша үздікке аяқтады.

  • 2010 жылы Шығыс Қазақстан Облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Жас кәсіпқой» номенациясының иегері және Өскемен, Астана қалаларының Білім басқармаларының, сонымен қатар Астана қаласы әкімінің алғыс хаттары, ҚР Білім және Ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің алғыс хатымен марапатталған.
  • 2022 – Алғыс хат Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласының Білім басқармасы басшысы С.Алагузова.
  • 2022 – Алғыс хат Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А.Кульгинов
Блогқа өтіңіз

Мектеп туралы

Мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші жастар десек, өскелең ұрпаққа берілген білімнің сапасы – кемел келешектің кілті. Қоғамның өркениет биігінен көріне білуі де, руханият пен мәдениеттің шығармашылық дамуы да, елдің әлеуметтік экономикалық өрлеуі де азаматтардың білімінің дарынды жас ұрпақтың жан-жақты дамып, өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып топқа қосылуы.

Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін жан-жақты шығармашылықпен қатар алынған білім» деп айтқан.

Тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің» негізі 1983 жылы «Целиноградтық өнер мектебі» деген атаумен қаланған. Мектептің алғашқы директоры Речицский Виталий Семенович. 1992 жылы «Ақмола қаласының өнер мектебі» атауына өзгертіледі. 1998 жылдан 2008 жылдар аралығында «Өнер мектебі» атауымен балаларға қосымша білім беру мекемесі ретінде танылып, 2008 жылы 15-қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің жарлығымен «№1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны атауы беріліп, мектеп директоры Абдрашитова Бахыт Султановна тағайындалды. 2018 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің» директоры болып - Сәбиев Фархад Қабденұлы қызметін атқаруда.

«Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК-да қаланың әртүрлі мектептерінен келген талай оқушылар білім алып жатыр. Өнердің бірнеше толқын өкілдері ұядан қияға самғады. Олар ұлттық өнердің қыры мен сырына баулитын шаңырақ табалдырығынан өз қалаулары бойынша домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, гитара сияқты аспаптардың сиқырлы сазын меңгеріп, хореография, көркемөнер бөлімдері бойынша әсемдікке, эстетикалық талғамға үйренуде. Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал баланы шығармашылыққа баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп баланың өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз ету мектептен тыс мекемелердің тікелей міндетіне жатады. Қосымша білім беру оқыту ғана емес, тәлім-тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып тереңдете түседі, бос уақытын өнімді әрі тиімді пайдалануға үйретеді, өзінде бар шығармашылық қабілетін жетілдіреді.

Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК-да сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Мектебімізде қазақ ұлттық аспаптар, вокал, аспаптар, театр, көркемөнер және хореография бөлімдері жұмыс жасап келеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.12.2011 жылғы №543 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы №56 бұйрығымен бекітілген «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептрерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес, оқу мерзімдері - көркемөнер бөлімінде 4 жыл, қазақ ұлттық аспаптар, вокал, аспаптар бөлімінде 5-7 жыл, хореография бөлімінде 5-7 жыл, театр бөлімінде- 4 жыл білім алып, және мектепті бітіргендігі туралы мемлекеттік үлгідегі бекітілген куәлік алады.

Мектеп әкімшілігі

Каракушикова Гульмира Жексенбаевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Макпал Касибековна Чаяхметова
Директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары
Аскарова Гульнур Бейсенбековна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Турманова Бану Аскаровна
Директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары

Біздің серіктестер

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Управление образования г. Астана
Комитет по охране прав детей
ННПЦ КП г. Алматы