Меню KDT

poster

Translator
 
 
 
Астана қаласы әкімдінің
"Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі" ШЖҚ МКК
 «Музыка әлемі» ІІI аймақтық аспаптық
(фортепиано, скрипка, гитара) байқауының
Пресс релизі

Әлем халықтарының музыкасы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті, сыйластықты, қызығушылықты ояту, аспаптық музыканы дәріптеу және дарынды, талантты балаларды анықтап музыкалық талғамын жан-жақты дамыту мақсатында 2024 жылдың 7 желтоқсан күні «Академиялық ұтқырлық» жобасы аясында қосымша білім беру ұйымдарының балалар музыка мектептері және өнер мектептері оқушылары арасында «Музыка әлемі...» IIІ аймақтық аспаптық (фортепиано, скрипка, гитара) байқауы қашықтық форматын өтті.
Балалар музыка мектептері және өнер мектептерінің оқушылары арасында «Музыка әлемі» ІІI аймақтық аспаптық  байқауында қазылар алқасының келесі мүшелері өздерінің әділ бағаларын берді:
Қазылар алқасының төрайымы;
  • Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Фортепиано және орган» кафедрасының доценты – Латышова Лариса Викторовна
Қазылар алқасының мүшелері:
  • Қазақ Ұлттық өнер университетінің гитара сыныбының оқытушысы Шакенов Андрей Владимирович;
  • Якубова Каракоз Абдусахитовна - Халықаралық Астана университеті педагогикалық колледжінің музыкалық пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-модератор;
- Тәттімбет атындағы №1өнер мектебінің скрипка сыныбының педагогы - Милованова Вера Андреевна;
- Тәттімбет атындағы №1өнер мектебінің фортепиано сыныбының зерттеуші педагогы - Куракбаева Айнаш Амановна.
         Байқауға жалпы саны – 84 қатысушы өтінім берді.