Меню KDT
Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы

Астана қаласы                                                                                                                                                                                                            2025 жыл 25 ақпан

 

  1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы 74/1 ғимараты, байланыс телефоны: 8(7172) 52 00 37. Конкурсқа құжаттарды қабылдау поштасы: ski-kz@yandex.ru
  2. Бос және уақытша бос лауазымның атауы:
  • Вокал сыныбының педагогы – 2 бірлік, 18 сағат
  • Гитара сыныбының педагогы – 1 бірлік, 18 сағат
  • Дәстүрлі ән сыныбының педагогы – 1 бірлік, 18 сағат
  • Домбыра сыныбының педагогы – 3 бірлік, 18 сағат
  • Көркемөнер сыныбының педагогы – 2 бірлік, 18 сағат
  • Музыкалық теория және сольфеджио сыныбының педагогы – 3 бірлік, 18 сағат
  • Сүйемелдеуші – 2 бірлік, 18 сағат
  • Театр бөлімінің педагогы – 1 бірлік, 18 сағат
  • Фортепиано сыныбының педагогы – 3 бірлік, 18 сағат
  • Хореограф – 2 бірлік, 18 сағат
Еңбекке ақы төлеу мөлшері (педагогикалық еңбек өтілімі, білімі, санаты бойынша) 90 000 – 100 000 теңге.
  • Функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнінің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  • Журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  • Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің отырыстарына қатысады;
  • Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтайды;
  • Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді
  • Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады
  1. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық немесе музыкалық тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім туралы құжат.
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 26 ақпаннан 06 наурыз аралығында сағат 10.00 ден 17.00 дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00.
  3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» (бұдан әрі-Қағидалар) 153-тармағына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
      12) осы Қағидаларға 1718-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
      13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Қағидалардың 155-тармағына сәйкес «Осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.».
6. Қағидалардың 154-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Ескерту: Қағидалардың 170-тармағына сәйкес кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныса алады.