Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» ШЖҚ МКК Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы
- Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы 74/1 ғимараты, байланыс телефоны: 8(7172) 65-37-10, 87088078305. Конкурсқа құжаттарды қабылдау поштасы: ski-kz@yandex.ru
- Бос және уақытша бос лауазымның атауы:
- Директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары – 1 бірлік
Еңбекке ақы төлеу мөлшері (педагогикалық еңбек өтілімі, білімі, санаты бойынша) 300 000 – 350 000 теңге.
- Функционалдық міндеттері: Қосымша білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша қосымша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады. Қосымша білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және пәндердің апталық комиссиясының жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, қосымша оқулықтарды әзірлеуге жәрдемдеседі. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Семинарлар, конференциялар, педагогтердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің «№1 Өнер мектебінің» - әр оқу жылдың басында жылдық жоспарын құру, ай сайын айлық жоспар директорға өткізу, аттестациядан өтетін педагогтардың электрондық портфолиосын әзірлеу (Ұстаз платформасына), мектептің жобалары бойынша жетекшілік жасау.
- Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе музыкалық тиісті бейін бойынша. Жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы. - Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 20-28 қазан аралығында сағат 09.00 ден 17.00 дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» (бұдан әрі-Қағидалар) 113-тармағына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Қағидалардың 116-тармағына сәйкес «Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.».
- 114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
- Ескерту: Қағидалардың 127-тармағына сәйкес кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныса алады.
