Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы № 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Хаттама №3

2024-2025 оқу жылына қосымша білім беру педагогының бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссия отырысының қорытындысы

 

2024 жылғы «30» қыркүйек                                                        Астана қ.

 

Комиссия төрайымы:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г.Б. Аскарова.

Комиссия мүшелері:

Кәсіподақ комитетінің төрайымы – М.Е. Қабкен;

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Г.Ж. Каракушикова;

Директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары – Б.А. Турманова;

Фортепиано сыныбының педагогы – С.Г.Мустафина;

Домбыра сыныбының педагогы – А.М.Копеева.

Комиссия хатшысы:

Хатшы – Ж.Қ. Сейткамал.

Күн тәртібі

Комиссия мүшелеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, педагогтерді бос және (немесе) уақытша бос лауазымға конкурс негізінде өтетін,  Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қосымша білім беру педагогтарының оның ішінде:

  • Домбыра сыныбының педагогы – 4 бірлік, 9 сағат
  • Хореограф – 2 бірлік,9 сағат
  • Фортепиано сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
  • Гитара сыныбының педагогы – 1 бірлік, 9 сағат
  • Сүйемелдеуші – 3 бірлік, 9 сағат
  • Көркем өнер бөлімінің педагогы – 2 бірлік, 9 сағат
  • Театр сыныбының педагогы – 2 бірлік, 9 сағат
  • Вокал сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
  • Дәстүрлі ән сыныбының педагогы – 1 бірлік, 9 сағат
  • Музыкалық теория пәнінің педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
  • Скрипка сыныбының педагогы – 1,5 бірлік, 9 сағат

 

 

 

 

 

Тыңдалды

 

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша конкурстық комиссияның мүшелері тыңдалды. Атап өтілген лауазымына конкурсқа өтініш білдірген 9 кандидат барын және оны атап өтті:

  1. Милованова Вера Андреевна
  2. Енсанов Есенжан Ерболатұлы
  3. Ерназарова Алия Вахитовна
  4. Ермекова Ақманар
  5. Шынболат Айдана
  6. Кадырова Жадыра

Комиссия мүшелеріне үміткердің құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды, содан кейін кандидаттың бағалау парағында көрсетілген ұпайларды санауды ұсынды. Комиссия мүшелері кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырды. Бұдан әрі комиссия мүшелерінен баллдарды есептеу бойынша өздеріне берілген енгізу парағын беруді сұрады. Мектеп директорына тағайындауға ұсынылды.

Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК педагогінің бос және уақытша бос лауазымына тағайындау конкурстық комиссиясының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі отырысының шешіміне сәйкес

домбыра сыныбының педагогы, хореография бөлімі педагогы, фортепиано сыныбының педагогы, гитара сыныбының педагогы, көркем өнер бөлімінің педагогы, театр сыныбының педагогы, вокал сыныбының педагогы, музыкалық теория пәнінің педагогы уақытша бос лауазымына кандидат анықталмағандықтан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 168-тармағына сәйкес конкурс өтпеді деп танылды.

Комиссияның мүшелері тексерілген бағалау парағы бойынша келесіні

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

 

  • Милованова Вера Андреевна – конкурстан өткен, скрипка сыныбының педагогы лауазымына тағайындауға ұсынылды;
  • Енсанов Есенжан Ерболатұлы – конкурстан өткен, дәстүрлі ән сыныбының педагогы лауазымына тағайындауға ұсынылды;
  • Ерназарова Алия Вахитовна Бакытжанкызы – конкурстан өткен, сүйемелдеуші лауазымына тағайындауға ұсынылды;
  • Ермекова Ақманар – конкурстан өткен жоқ, құжаттар толық емес;
  • Шынболат Айдана– конкурстан өткен жоқ, құжаттар толық емес;
  • Кадырова Жадыра– конкурстан өткен жоқ, құжаттар толық емес;

 

 

Комиссия төрайымы:   _________________      Г.Б. Аскарова

Комиссия мүшелері:     _________________      М.Е. Қабкен

_________________      Г.Ж. Каракушикова

                                     _________________      Б.А. Турманова

_________________      С.Г.Мустафина

_________________      А.М.Копеева

                                   

Комиссия хатшысы:     _________________      Ж.Қ. Сейткамал